«Жан-Елікай» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы ақпараттық анықтама
1 | Мектепке дейінгі ұйымның атауы | Мақтаарал ауданының «Жан-Елікай» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
2 | Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен — жайы) | ҚР, 160500, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Өнімкер ауылы, Ақалтын көшесі № 4 үй. |
3 | Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт) | Ұялы телефон +77006580493 электронды поштасы ainur_shoibekova@mail.ru Веб сайты https: https://zhan-elikai-edu.kz/ |
4 | Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі) | Койланова Роза Тұрсынбаевна «Жан-Елікай» бөбекжай балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысының шешімі бойынша 2018 жылғы 02 сәуірде № 1-ж/қ бұйрықпен тағайындалған. |
5 | Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі) | Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден 03.05.2012 жылы берілген. БИН: 120540001931 |
6 | Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы толон қайта 2022 жылғы 14 желтоқсандағы№ KZ35RVK00043216 хабарлама берілген. |
7 | Құрылған жылы | 2012жыл |
8 | Типтік ғимарат | бір қабатты типтік үлгіде |
9 | Топтар саны | 3топ |
10 | Балаларды оқыту тілі | Қазақ тілі |
11 | Жұмыс аптасының ұзақтығы | 5 күндік |
12 | Ауысым саны | Тәрбиешілер: І ауысым |
13 | Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетінің ұзақтығы – минутпен | Ортаңғы топ- күні бойы Ересек топ – күні бойы Кіші топ – күні бойы |
14 | МДҰ – ның жобалық әлеуеті | Балабақша орны 75 балаға арналған. 21.05.2012 жылы 50 балаға №17-4-7-3-171 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. 21.05.2013ж 25 балаға №17-2-5-129 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды. |
Балабақша ғимараты 1 қабатты типтік жобада заман талабына сай салынған. Балабақша 75 орындық, 3 топ жұмыс жасайды. Әр топ 20- 25 балаға лайықталған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін. Үш топ жұмыс жасайды. Ересек топ:«Балдаурен»,Ортаңғы топ «Балауса»,кіші топ: «Балбөбек» .Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде.
Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынып шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа меңгеруші кабинеті, әдіскер кабинеті, психолог кабинеті, мед кабинет, асхана ,қойма, кір жуу блогы бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері автономды.Су орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.
Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман жабдықтармен жабдықталған.
Балабақша ауласы көгалдандырылған, шырша ағаштары, қара ағаш т.б. жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңында әр топтың ауласы бөлек , балалардың жас ерекшелігі бойынша түрлі ойнайтын ойыншықтар орнатылған. Сонымен бірге әр аулаға бала отырып демалатын саялы көлеңкелі ойын алаңдары қойылған. Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған алаңы бар.
Балабақшаның арнайы бөлмелері:
— Меңгеруші кабинеті;
— Әдістемелік кабинет;
— Теледидар – 3 дана;
— Компьютер – 1 дана; жеке
— Ноутбук — 1 дана;
— Түсті принтер-1 дана.
— Принтер – 1 дана
Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық», «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш», «Ойыншықтар сөресі», «Кітаптар сөресі», «Табиғат бұрышы», дамытушы дағдылар бойынша орталықтар жасақталған.